Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108767
Бір айда10071
Бір аптада2399
Кеше173
Тәулік512
Температура режимі
2013 жылдың 20 наурызында №4 Ертіс ЖОББМ – ің базасында Ертіс ауданының білім мекемелерінің кәсіподақ төрағалары үшін облыстық семинар–тәжірибелігі өтті.

Семинар жұмысына  негізгі, орта мектептерінің, мектепалды мекемелері, қосымша білім беру  ұйымдары мен №21 колледждің  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинар алдында  «Қазақстан Республикасы  Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитетінің  төрайымы  Г.Ә.Наурызбаева білім саласы қызметкерлерінің  мәселелері   бойынша Ертіс ауданының әкімі Ж.Р.Шұғаевпен кездесті.

Семинарды  аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша  орынбасары А.Т.Тлеуова ашты. Ол  Ертіс ауданының  кәсіподақ  көшбасшыларын  «Қазақстан Республикасы Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитетінің  төрайымы  Г.Ә.Наурызбаевамен таныстырды. «Қазақстан Республикасы  Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитетінің  төрайымы  Г.Ә.Наурызбаеваның  кіріспе сөзі  Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы  кәсіподақ белсенділерімен кездесуінде,  кәсіподақ алдына    қойған  мәселелерді  шешуіне бағытталған. Семинар  бағдарламасы  мазмұнды болды,  Ертіс ауданының   білім қызметкерлерінің  кәсіподақ  белсенділерінің  алдында  Қазақстан Республикасы  Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитеті  төрайымының орынбасары  Г.О.Жаркенова сөз сөйлеп ұжымдық  келісім шарт жасауының заңдылық жағын түсіндірді;  ОО–ің  жетекші маманы  - Р.Д.Ақбергенова – жас  төрағаларға  ұйымдастыру-бұқаралық  жұмыстары бойынша  бағыттарды ұсынды; ОО –ің  бас есепшісі Б.Аушахманованың  сөз сөйлеуі  кәсіподақ бюджетінің қаражатын  дұрыс пайдалану жайында болды.

Кәсіподақ төрағаларымен  еңбек заңнамасы бойынша   тестілеулер мен сауалнамалар жүргізіліп, «Мен кәсіподақта болғым келеді» атты ойын өткізілді. Семинар жалпы  мазмұнды, жемісті өтті.

Семинардың қорытындысын жасай отырып «Қазақстан Республикасы Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитетінің  төрайымы  Г.Ә.Наурызбаева Ертіс ауданының білім қызметкерлерінің  кәсіподақ  төрағаларының  сапалық құрамына тоқтады.  Төрағалардың  құқықтық құзыры, тестілеу қорытындысы бойынша оң баға берілді.

Сол күні БАҚ  арқылы  жарияланғандай, сағат 15.00 –де  Қазақстан Республикасы Павлодар облысы  білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ» комитетінің  төрайымы  Г.Ә.Наурызбаева және оның орынбасары Г.О.Жаркенова  кәсіподақ мүшелерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Азаматтар  өздерінің қойған сұрақтарына  жауап алып қанағаттандырылды.