e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда151010
Бір айда6118
Бір аптада823
Кеше97
Тәулік108
Температура режимі
Ертіс ауданының білім бөлімінің тарихы

          Ертіс ауданының білім бөлімінің

тарихы

 

Ауданның  құрылуы  20 –шы жылдарынан басталады. Білім бөлімінің жұмысы 1937 жылы басталады. 1937-1938 жылдары  білім бөлімінің  қарамағында  барлық  елді  мекендерді қамтуымен  50 бастауыш  және  4 толықемес орта мектеп жұмыс істеді. 1938-1942 ж. және 1947-1961 ж.ж.  білім бөлімінің басшысы болып Александр Сергеевич Выборнов  жұмыс істеді.

          Сол жылдары «Еңбекші» және «Маркс» колхоздарында  жаңа мектептер  салынып, оқулықтар және  құрал жабдықтарымен  қамтамасыз ету жұмыстары  жүргізіледі. Сауатсыздар  саны 36 пайызына дейін төмендейді. 1939 ж.  Ертіс ауылында  қазақ мектебінің ғимараты құрылды. Ауданда  қазақ мектептеріннің жұмыстарын жақсарту бойынша  көптеген жұмыстар атқарылады. Максим Горький аралас мектебі  негізгі базасы болып, онда  көптеген  ауылдардың балалары  оқиды. Бұл жылдары орыс мектептеріне қазақ балаларының ағымы төгіле басталды, олар тез арада орыс тілін меңгеріп, оқу жетістіктерін көрсете бастады. 1940 жылы №1Ертіс шаруа жастары мектебінің алғашқы түлектері шығарылды.

Соғыс жылдары білім бөлімі үлкендер арасында сауатсыздықты жою жұмыстарына басшылық етіп, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды айқындап, оларды  балалар үйіне орналастыру жұмыстарымен айналысады. Кәсіп орындарында жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін  мектептер ұйымдастырылған. 1944 жылы мектептер жұмыс істеуші жастар мектебі деп қайта атанды.  

Мектеп қызметшілері мен жоғары сынып оқушылары  егін жинау маусымында және  ғимарат құрылысына белсенді көмектесуде. 1948 жылы ауданда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиесіне жол салған №1 балабақша ашылды. 1957 жылы Ленин және Суворов атындағы совхоздарда балабақшалар ашылды.Оқытудың техникаландыруы енгізілді. 1960 жылы №1 балабақшаның жаңа ғимараты салынды. 1962 жылы  «Новоивановский» совхозында  280 орындық екі қабатты мектеп ғимараты іске қосылды. 1963 жылы  саз мектебі ашылды. 1964 жылы №3 Ертіс ЖОББМ ғимараты мен Голубовский совхозындағы мектеп ғимараттары бой көтерді. Мектептер де оқушылар өндірістік  бригадалары  жұмыс істеп,  далалар  мен  бақшаларда  бай өнім ала бастады.  Мектеп аулаларындағы жер учаскелеріне көкөніс өсіру қолға алына бастады. 1965 жылы  балалар спорт мектебі ашылды.

1965 жылы Северный және  Панфилов  совхоздарында   саз мектебінің филиалдары ашылды. Мектептің  оқу –материалдық базасы нығайтыла бастады: мектеп шеберханаларына станоктар, мектептік  электрстанциялары, киноаппараттары және т.б. жабдықтар алынды

 Барлық орта және жетіжылдық мектептерде оқу шеберханалары бар. Мектептер буфеттер ашыла бастады. 60 –шы жылдары  білім бөлімін Шрамко Василий Семенович, Лазарев Александр Иванович, Нуждин Владимир Иванович басқарды.

         1966 жылдан бастап білім бөлімінің бастығы болып 13 жыл бойы Трусов Михаил Иванович  істеді. Оның  басшылық кезінде  1967 жылы  Абай мектебі, 1969 жылы Северный, М.Горький, Панфилов, Бірлік және Қостомар негізгі мектептері  құрылды. 

Максим Горький ауылдық кеңесінде  50 орындық  балабақша  іске қосылды. 1971 жылы №1 Ертіс орта мектебінің жаңа ғимараты салынды, пионерлер Үйі ашылды. 1971 жылдан №2 Ертіс  орта мектебінде  кабинетті оқыту жүйесі басталды. 1975 жылы  №2 Ертіс ОМ және Ұзынсу  орта мектебінің типтік ғимараты салынды;  1976 жылы Қызылжар және Луговой ауылдарында, 1978 жылы  -Қарақұдық ауылында  орта мектеп ғимараттары бой көтерді.

1980 жылы  білім бөлімінің  меңгерушісі  болып Аманбай Құлмырзаұлы Шәріпов тағайындалды, ол осы лауазымда  12 жыл қызмет атқарды . Оның басшылық еткен жылдары  аудан білім бөлімінде  көптеген өзгерістер болды.  «Кутузовский»  кеңшарында  типтік үлгісінде мектеп салынды. Барлық мектептердің  материалдық –техникалық жағдайлары  нығайтыла, оқу –әдістемелік  жинақтары толтырыла бастады. Пушкин, Западный, Амангелді кеңшарларында  орта мектеп ғимараттары бой көтерді. Оқу өндірістік бригадалары екі бағытта жұмыс істей бастады: малшылық пен өсімдіктік. Өсімдік өсірумен айналысқан бригадалар ( №    5  Ертіс Қайманачиха, Северный, Пушкин, Панфилов, Грабов, Абай, Суворов ОМ )  100-200 гектар жерлерді игерді . Кутузов, Западный, Амангелді, Ленин, Қоскөл, Сілеті Голубовка орта мектептері  мал шаруашылығымен айналысып 3 000 қозы өсірді. ВЛКСМ Орталық комитетінің  шешімі бойынша  бұл бригадалардың тәжірибесі  қазақстандық мектептер арасында  таратылды. 

Жүзеге асырылған өнімдердің  бір бөлігі   мектептің материалдық базасын нығайтуына  жұмсалды.  6 жастан оқытуға материалдық –техникалық база дайындала басталды.  Алғашқы әскери дайындық кабинеттері ашылып жабдықтала басталды. Ауданда  16 мекте – интернаттары, 6 балабақша жұмыс істеді.  Мектептерде  дарынды балалармен жұмыс жақсы жолға қойылды, төрт жыл бойы   № 2 Ертіс  орта мектебінің оқушылары   орыс тілі және әдебиет пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары  болды.  Орыс тілі және әдебиет мұғалімі Рахметова Д.Қ  «Қаз ССР еңбегі сіңген мұғалімі» атағына ие болды.  

1992-1999 жылдары  білім бөліміне Мерғалымов Ермек Әнуарұлы  басшылық етті.  Бұл кезеңде мектептер мен сыныптарда  мемлекеттік  тілде оқытуына назар аударыла бастады. 1992 жылы Қараағаш және Иса Байзақов  атындағы негізгі   мектептер орта мектеп мәртебесіне ауыстырылды. 1992 жылы  Қосағаш  орта мектебінің жаңа ғимараты, 1997 жылы  №2 Ертіс қазақ мектебінің ғимараты  іске қосылды. Қазақ сыныптары мектептер саны  өсті. №2 Ертіс орта мектебінің жанында   педагогикалық сынып ашылды, онда  қазақ сыныптарында  жұмыс істеу үшін 41 мұғалім дайындалып шықты.  1999 жылдан 2002 жылға дейін  білім бөлімінің  меңгерушісі болып Бахыт Қаирбекұлы Ламашәріпов  істеді. 1999 жылы  Қызылжар ауылында «Жұлдыз» балабақшасы  ашылды (1 топ). №1,2,3 Ертіс Северный, мектептерінде   денсаулықты нығайту  эксперименті басталды. Аудан  білім ұйымдарында   материалдық-техникалық  базаларды нығайту  бойынша, оқу және көркем әдебиетімен жабдықтау бойынша  көптеген жұмыстар атқарылды. 2002 жылы білім бөлімінің жанында  аудан әдістемелік кабинеті ашылды. Әутәліпов Нұрболат Қабыкенұлының білім бөліміне басшылық еткен жылдары (2002-2003 ж.)  №4 Ертіс, Абай,Ленин, Луговой, Ұзынсу, Северный мектептерінде қазақ сыныптарын ашу жұмыстары жалғастырылды. Екі бастауыш мектептері (Төбелес және  №2 Кутузов)  қазақ мектебіне ауыстырылды.  Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуына  демеушілерді  тарту  бойынша  жұмыстар  жалғастырылды.

  2003 жылдан бастап 5 жыл бойы білім бөліміне Катиев Елік Темірбекұлы  басшылық етті. 2004 жылы  №4 негізгі мектептің 198 орындық жаңа  ғимараты іске қосылып мектепке орта мектеп мәртебесі берілді. №4 Ертіс мектебінде алғашқы қазақ сыныбы ашылды.Амангелді орта мектебі мемлекеттік  тілде оқитын мектепке ауыстырылды. 2004 жылы №2 Ертіс ЖОББМ –ің жанында   бірыңғай ұлттық тестілеу орталығы құрылды, онда аудан түлектері екі кезеңмен қорытынды  аттестациялауларды тапсырды.  «Жұлдыз» балабақшасында  санаторлық топ ашылды. Барлық мектептердің компьютерленуі және  Интернет  жүйесіне  қосылуы   басталды.  Облыс  жоғары оқу орындарына  түсу үшін  10 түлекке  аудан әкімінің грант беруі басталды. Ленин, Қосағаш, Северный, Ұзынсу  орта мектептері «Газель»  автокөліктерін  алды.

2008 жылы білім бөлімінің басшысы болып Жаңбырбай Бақиұлы  Сағынаев тағайындалды. Ертіс ауылында 100 орындық  №2 Ертіс  жаңа  балабақшасы, «Ертіс оқушылар үйі» МҚКК  ашылды.  Абай және Ленин орта мектептерінде  орыс тілінде оқытатын, Ағашорын, Майқоңыр, Қосағаш, Қоскөл орта мектептерінде қазақ тілінде оқытатын шағын – орталықтар ашылды.  Ертіс  балалар саз мектебі   Ертіс балалар өнер мектебіне     ауыстырылды, мектеп  құрамында   көркемдік  өнер бөлімшесі  ашылды.

2009 жылдан бері  білім бөлімінің  басшысы болып Иманжапарова Жұлдыз Баянбайқызы жұмыс істейді. Аудандық «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері  ашылды.  «Голубовка ауылында «Айгөлек» балабақшасы, Қарақұдық, Ұзынсу, Северный, Қараағаш, Луговой , Қызылқақ   орта мектебінің жанында шағын –орталықтары ашылды. 2010 жылы шағын –орталықтар  №1 Ертіс ЖОББМ, №4 ЖОББМ, Сілеті, Амангелді,Қызылжар, Панфилов,М.Горький, Тохта, Иса Байзақов атындағы  орта мектептерінің және Бірлік пен Ынтымақ  негізгі мектептерінің жанында ашылды. Иса Байзақов  ауылында  150 орындық орта мектеп, Бұланбай ауылында жаңа бастауыш мектеп  іске қосылды.  

Қарақұдық және Майқоңыр  орта мектептері  мемлекеттік тілде оқытатын мектепке ауысты.  2010 жылдан бері  «Жұлдыздар шеруі»  аудандық  шаралар өткізіледі. 

ҰБТ  жоғары нәтижеге  қол жеткізген түлектерге  құнды сыйлықтарды табыс ету  дәстүрге айналды. 2010 жылдан бері оқушылары ҰБТ  жоғары  баллдарға ие болған  пән мұғалімдеріне аудан әкімінің  50 мың теңге  мөлшерінде гранттары   табыс етілетін болды.  Жылсайын аудан құрама командалары  облыстық және республикалық спорт жарыстарында  жеңімпаз атағына ие болуда.