e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда151010
Бір айда6118
Бір аптада823
Кеше97
Тәулік108
Температура режимі
Мерейтой иесімен кездесу
Мерейтой иесімен кездесу
 
          Ауданымызда  2015 жылдың 6 ақпанында  Ұлы Отан соғысыдағы Жеңістің 70 жылдығының  аясында №2 Ертіс ЖОББМ – де  Ұлы Отан соғысының  ардагері Иван Гаврилович Безруков  атамыздың   90 жылдығына арналған  «Мерейлі – 90 жас» атты  концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концерттік бағдарламаға №1,№2,№3,№4 Ертіс ЖОББМ оқушылары қатысты, ардагердің   жауынгерлік және  еңбек жолы туралы  №2 Ертіс ЖОББМ –ің мұғалімдері дайындаған фильмнің тұсаукесу рәсімі көрсетілді.
        Иван Гаврилович Безруков   1925 жылдың 8 ақпанында Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Бурас ауылында мұғалім отбасында  дүниеге келген.
Ол  әскерге тура мектеп қабырғасынан шақырылып, жаяу әскер училищесіне оқуға жіберіледі. 1944 жылы  училищені бітірген соң, оған офицер атағы беріліп, жаздың ортасында  3-ші Белорус майданына жібереді.  И.Г.Безруков соғыста Жеңіске дейін болды. 1945 жылы  екі аяғынан жараланған соң  Кауэнос (Литва) госпиталінде жатып емделді.  1946 жылдың күзінде  денсулық жағдайы бойынша  әскерден үйіне қайтарылды.  1947 жылдың сәуір айынан  мектепке  әскери жетекші ретінде  жолданды. Оның ұстаздық еңбек өтілі 26 жыл.
        Марапаттаулары: І –ші дәрежелі «Ұлы Отан  соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері, «Германияны жеңгені үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Халық білімінің үздігі» атты  төсбелгілерімен марапатталған.
       2015 жылдың 9 ақпан күні  Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұстаз ардагер И. Г.Безруковты 90 жасқа толуымен аудан әкімі Н.Пішембаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Рахымжанов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының  орынбасары Б.Шынғысов, білім бөлімінің басшысы Ж.Тоқтарбаев, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Масалимова, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Х.Зейнешев, №2 Ертіс ЖОББМ –ің директоры А.Сәрсенова құттықтап   СК теледидар, «Өмір сызығы» жедел көмек телефонын және  көптеген ұмытылмас сыйлықтарды табыс етті.