e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда172566
Бір айда14093
Бір аптада2866
Кеше673
Тәулік176
Температура режимі
Кәсіптік бағдарлау
 
         2015 жылдың  21 қаңтарында №1 Ертіс ЖОББМ –ің базасында  9-11 сынып оқушыларының  Б.Ахметов атындағы Павлодар  педагогикалық колледжінің  өкілдері  шетел тілдері бойынша   бөлім  меңгерушісі Гүлнар Әмірханқызы Тасыбаева мен сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі Роза  Сержанқызы Баймұхамбетова және  Павлодар  көлік және коммуникация колледжінің  өкілі арнайы пәндер төрағасы Бану  Махметқызы Ахметовамен кездесулер  ұйымдастырылып өткізілді.
         Оқушыларға аталған  оқу орындары туралы бейне роликтер көрсетіліп, өкілдер  өз оқу орындарының артықшылықтары мен жетістіктері, материалдық –техникалық базалары туралы әнгімелеп берді. 
Павлодар Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжі  келесі мамандықтар  бойынша  оқытады:
 0105013 – бастауыш сынып мұғалімдері;
 01050330 – бастауыш білім шетел тілдерінің мұғалімі;
 0101013 – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі;
 0103023 – денешынықтыру мұғалімі.
         Колледжде оқыту қазақ және орыс тілдерінде, бюджеттік және ақылы негізінде жүзеге асырылады. Оқыту мерзімі 3 жыл 10 ай (9 сынып базасында), 2 жыл 10 ай (11 сынып базасында). Оқыту формасы   күндізгі және сырттай.  Өтініш қабылдауы 20 маусымнан 20 тамыз бойы, сырттай оқуына  20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін. Қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік (түп нұсқасы, көшірмесі), білім туралы  құжат (түп нұсқасы), медициналық анықтама №086 (оған егу картасы, баланың денсаулық  паспорты мен флюрография суреті, 6 фото суреті 3х4, отбасының құрамы туралы анықтама, ИИН көшірмесі қоса беріледі). 
Павлодар  көлік және коммуникация колледжі келесі мамандықтар  бойынша  оқытады:
 1409000 – теміржол құрылысы, жол және  жол шаруалығы;
 1408000 – қозғалмалы темір жол құрамының пайдалануы және  техникалық қызмет көрсету;
 1410000 –  автомобилдік  жол және аэродром құрылысы;
 1304000 – есептеуіш техника  және бағдарламалық  қамту;
 1306000 – Радиоэлектроника  және  байланыс;
 1303000 – Автоматика, телемеханика және көлік қозғалысымен басқару;
 1203000 – тасымалдауды ұйымдастыру және  теміржол қозғалысымен басқару; 
 1200000 - тасымалдауды ұйымдастыру және   көлік қозғалысымен басқару.
Колледжде оқыту қазақ және орыс тілдерінде, бюджеттік және ақылы негізінде жүзеге асырылады. Оқыту мерзімі 3 жыл 10 ай (9 сынып базасында), 2 жыл 10 ай (11 сынып базасында). Оқыту формасы   күндізгі және сырттай.  Өтініш қабылдауы 20 маусымнан 20 тамыз бойы, сырттай оқуына  20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін. Қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік (түп нұсқасы, көшірмесі), білім туралы  құжат (түп нұсқасы), медициналық анықтама №086 (оған егу картасы, баланың денсаулық  паспорты мен флюрография суреті, 6 фото суреті 3х4, отбасының құрамы туралы анықтама, ИИН көшірмесі, үй кітабінің көшірмесі, мектептен мінездеме қоса беріледі). 
  Ең толық ақпаратты колледждердің  сайттарынан алуға болады:(сайт ПКТиК - http://pktik.kz/, ППК Б.Ахметов атындағы - http://edu.resurs.kz/)