Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Бір жылда108477
Бір айда10528
Бір аптада2598
Кеше350
Тәулік30
Температура режимі
Кәсіподақтар- тұрақтылықтың тірегі!

 

Кәсіподақтар- тұрақтылықтың  тірегі!

            

            Әлемдік экономикалық–қаржы дағдарысының ауыртпалығын өзге елдер секілді бастан кешірген Қазақстан сын кезеңде экономикалық жағынан тәуір көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Осынау қүрделі кезеңде біздің кәсіподақтар да елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру жолында тиісті орындармен бірлесе қимылдап, игі шараларға белсене атсалысты.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Нурсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауын  зор қуанышпен қарсы алды.  Өйткені, Елбасының 2050 жылға дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасы жан-жақты қамтылғаны көпшіліктің көкейінен шығып отыр.

Ел Басы қазақстандық қоғамды толғандыратын көптеген сауалдарға жауап берді, жоғары міндеттерді белгіледі.

            Биылғы Елбасының  Жолдауы қоғамдық өмірде басты оқиғалардың бірегейі болып табылады. Бұл –жаңа кезеңнің бастауы. Бұл-жаңа жоспарлар. Бұл- жаңа міндеттер. Бұл- жаңа жетістіктерге ұмтылыс.

           Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен жұ­мыс­шылар немесе қызме­ткерлер арасында жалақы төлеу, құқығын шектеу және басқа да мәселелер бой­ынша даулы проблемалар туындап отырады. Кейде еңбек даулары сот ар­қылы шешіледі. Ал асқы­нып кеткен жағдайлар жұмыс­шылардың ереуілге шы­ғуына алып келеді. Мәсе­лені ушықтырмай, істі сотқа алып бармай, не жұмысшылардың наразы­лық акт жасауына дейін жеткізбей шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор   институт бар. Ол – кәсіподақ ұйымдары.

         Жұмыс беруші мен қыз­метшілер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда кәсіподақ ұйымдарының рөлі айрықша. Ал кәсіподақтың қызметін заңмен реттеп, оған әлгіндей дауларға араласуға, жұмысшының мүддесін қорғауға өкілдік беру – мемлекеттің міндеті. Осы орайда, 2014 жылы  маусым айында Қазақстан кәсіподақтары туралы  жаңа заң қабылданды.

                 Осы оң өзгерістер көп жағдайда әлеуметтік тұрақтылыққа, реформалардың әлеуметтік бағытының нығаюына қол жеткізу, қызметкерлердің әлеуметтік – еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын ашу, лайықты еңбекақы төлеу, еңбек ақының қарыздарын жою, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын, кәсіподақтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзылуына қарсы тұратын еңбекшілер мен кәсіподақтардың өскелен рөлімен байланысты.

            Кәсіподақ өз жұмысында жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қарым-қатынастарын реттейтін ҚР Еңбек Кодексі, «Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заңы және ҚР басқа да нормативті заңдық актілері негізінде жасалған Ұжымдық шартты қолданады. Кәсіподақ ұйымы — ұжымда сау моральдік климатты құрастыруды беретін тиімді әлеуметтік серіктесттікті ұйымдастырудың маңызды қатысушысы, бұл — ұйымның әр мүшесі үшін өзінің шығармашылық және кәсіптік мұқтаждарын жүзеге асыру мүмкіндігі. Кәсіподақ мүшесі болу бүгінгі күні еңбек ететін әр адамның мұқтажына айналуы тиіс. Бұл тек құқықтық, материалдық қолдау және қорғаныстың кепілі ғана емес. Бұл — азаматтық ұстаным көрсеткіші, ұжымдағы қауымдастық пен ынтымақтастық куәсі.

      Бүгін кәсіподақтар қозғалысы жаңару үрдісіне бет бұрды деп нақ айта аламыз! Қоғам үшін кәсіподақтардың қызметі бүгінгі күнде маңызды. Болашақта кәсіподақтарда жастар сенімді еңбек етіп, ардагерлемізіден алған тәлімді дұрыс пайдалана білуі тиіс.   

     Кәсіподақтың басты қызметі — жұмыс істеуші азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіптік қызығушылықтарын қорғау болып табылады.

              Бүгінгі күні алдымызда қоғам ішінде еңбек адамының беделін көтеру, жоғары өнімді еңбекке ынталандыру, ел азаматтары, әсіресе, жастар арасында еңбек рөлін насихаттау, еңбек адамының әлеуметтік статусын күшейту мен өмір сүру сапасын жақсарту сияқты үлкен және тұрақты жұмыстар тұр.

                   Тәуелсіздік орнағаннан бері Қазақстан еңбек адамның әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау ісіне араласып, достық пен ұлтаралық келісім орнаған тұрақты да дамыған мемелекетке айналдық. Бұл қоғамда кәсіподақтардың орны мен рөлі ерекше.

                 Құрметті әріптестер!

      Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Төл мерекеміз құтты болсын!

 

 

Ертіс аудандық білім қызметкерлерінің

кәсіптік одағының төрайымы

А.Масалимова