e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Ынтымақ ЖББ мектебінде өзін-өзі тану сабағынан онкүндіктің соңғы "Мейірімділік-асыл қасиет" бірыңғай тәрбие сағаты өтті
13 Ақп, 13:14

Секен Тұрысбековтың "Көңіл толқыны" күйін тыңдап,түрлі-түсті жүрекшелермен және ұлағатты сөздермен безендірілген онкүндіктің соңғы тәрбие сағаты өте көңілді өтті. Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберін құрып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, жылы сөздерімен,жылы жүректерімен,күлімдеген көздерімен, жымиған езумен жеткізе алды.

Сонымен қатар ұйымдастыру барысында  Гүлнар Қайдарқызы оларға дайындаған тағы да бірнеше бөлімнен тұратын қызықты тапсырмалар мен жаттығулар жасалды.

Соңғы күн болғандықтан түрлі номинациялар бойынша осы он күн нәтижесі де анықталып, балалар орындар мен сыйлықтарға ие болды.