e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Қызылқақ жалпы орта білім беру мектебінде өткізілген Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара бойынша ақпарат.
12 Нау, 18:06

7-наурыз күні Қызылқақ орта мектебінде анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Жан Анам» атты мерекелік іс-шара өткізілді.  

         Іс-шара барысында оқушылар аналарды ән айтып, би билеп, тамаша көрсетіп қуантты. Сонымен қатар, өз қолдарынан жасап, әр ата-анаға раушан гүл сыйлады. Концерт арасында, мереке ұйымдастырушылары аналармен түрлі ойын ойнап, көңілдерін көтере білді. Ойындар қорытындысы бойынша аналар «Ең білімді», «Ең тапқыр», «Күміс күмей», «Спорт жанкүйері», «Ең  жүйрік» номинациялары бойынша марапатталды. Аналар концертті ғана тамашалап қоймай, алдарындағы жайылған дастарханнан дәм татып, демалып отырды.

         Мереке соңында, аналар сөз сөйлеп, ризашылықтарын  білдірді.

 

Ұйымдастырушылар: А.С. Искакова,  А.М. Кабылбекова