e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Қызылқақ ЖОББМ-де 2017-2018 оқу жылының аралығында «Тарих және География» апталығының өткізілуі туралы ақпарат
12 Нау, 17:48

26ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен «Тарих және География» апталығында 5-11 сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, әр сайысқа белсенді қатысты.  Тарих пәнінен«Қазақ елдің білімді ұрпақтары»  атты зияткерлік ойында 2 команда топ жарды. Екі командасы «Болашақ» пен «Бәйтерек» командасы сайысты. Нәтижесінде «Болашақ» командасы І орынға ие болды. «Топжарған»  атты сайысында «Алаш» мен «Сұңқар»  топтары       сайысты, нәтижесінде «Алаш»  тобы жеңіске жетті.

География пәнінен «Жас географтар» атты интеллектуалдық сайысында 5-7 сынып оқушылары «Данышпандар» мен «Тапқырлар» тобына бөлініп қатысты. Оқушылар 9 кезеңдік тапсырмаларды орындап, өз білімдерін шыңдады. Нәтижесінде І орынға шыққан «Тапқырлар»  тобы болды. 8-9 сыныптар аралығында «География әлемі» атты ойын өтті.  Нәтижесінде 8-сынып «Батыс жартышар»  командасы I орын,  9-сынып «Шығыс жартышар»  ІІ орынға ие болды.

Апталық барысында 5-сыныпта Жаратылыстану пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар демонстрация жасап, топтық жұмыс жасады.

Соңында барлық оқушылар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

 

               Жауаптылар: тарих пәнінің мұғалімі Д.Қ.Турежанов;

                                        география пәнінің мұғалімі Ж.Т.Темирбаева.