e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
16 Мамыр, 09:51

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 15 мамыр күні Амангелді ЖОББ мектебінде «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Ата-ана  жиналысындағы күн тәртібінің  мәселелері:

1) «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;

2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;

4) оқу процесін цифрландыру;

5) мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Аталған күн тәртібі бойынша келесі адамдар баяндады: мектеп директоры Карыбаев Қ.Қ, оқу ісінің меңгерушісі Карагатеева А.С., тәрбие ісінің меңгерушісі Кажмагамбетова Г.К., информатика пәнінің мұғалімі Алкенова Г.Ж., ата-аналар атынан Абылкалыкова С.К.