e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің салтанатты жабылуы
13 Ақп, 23:02

Қазақстанның барлық мектептерінде ақпанның 1-нен 12-не дейін дәстүрге айналған "Махаббат және шығармашылық педагогикасы" атты оңкүндігі өткізілді. Алдындағы мақалаларымызда осы декаданың ашылуы және кейбір шаралар жайлы мәлімдеген болатынбыз. Ендігі әңгімеміз декаданың жалғасуы және салтанатты жабылуы жайлы.

7-8 ақпан күндері 1-4 сыныптар арасында суреттер және ашық хат көрмесі, ал 5-9 сыныптар арасында " Не сыйласам екен, саған Анашым!" атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.  Оқушылар қызығушылықтарын, жауапкершіліктерін таныта білді.  Нәтижесінде өте әсем, көркем суреттер пайда болды, оқушылардың қолынан таңқаларлық бұйымдар шықты.

9 ақпан күні мектеп психологі Темирбулатова Айгүл Жұмабайқызы ұйымдастыруымен " Қарым-қатынас және адамгершілік" атты өте қызықты тренингі өтті. Оқушылар адами құндылықтар, қарым-қатынас жайлы ойларын ортаға салды, пікір-таласқа түсті, әртүрлі психологиялық ойындарға және тренингтарға белсенді қатысты. Тренинг соңында оқушылар "Тілектер ағашын" "отырғызып"   өз ризашылықтарын білдірді.

  

10 ақпанында оңкүндік "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу сайысында өз жалғасын тапты. Әділқазылар алқасы оқушыларға жылы лебіздерін білдіре отыра болашаққа деген тілектерін, пікірлерін айтты және жүлделі орын иегерлерін атап шықты. 1 орын иегері болып 4 сынып оқушысы Шалабаева Аяжан аталды. Және де екінші мен үшінші орын иегерлері аталып шықты.

12 ақпан күні жоспарға сәйкес барлық сыныптарда "Мейрімділік - асыл қасиет", "Өнеге -отбасынан", "Кәусар бұлақ -тұнығынан" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді. Өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы мәліметтер беріліп, өлең жолдары оқылды.

  

"Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық педагогикасы" атты оңкүндігі қорытынды ән байқауы және концертпен салтанатты түрде жабылды. Ән байқауында анаға деген махаббат, достық, мейірімділік, адамгершілік туралы әндер айтылса, концертте сол тақырыпта өлең жолдары, би, қойылымдар ойналды. Барлық көрермен көңілдерінен шықты. Қорытынды бөлігінде оңкүндіктің жалпы нәтижесі шығарылып декада өз мәресіне жеткені жарияланды.

Осы оңкүндіктің ұйымдастырушыларына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Шарманова Алмагуль Сейсембаевна және  Бейсекеева Гүлімжан Сейлхановнаға ерекше алғысымызды білдіреміз!  Осы ұстаздардың сауатты ұйымдастыруымен, қолдауымен өткізілген барлық шаралар көңілімізден шықты!