e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда182028
Бір айда22454
Бір аптада5866
Кеше975
Тәулік417
Температура режимі
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
16 Мамыр, 18:17

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылдың15 мамыр күніЕртіс ауданының барлық мектептеріндеХалықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт - білім сапасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбына жалпыұлттық ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты - ата-аналарға мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары туралы, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы ақпарат беру және мұғалімдер мен ата-аналардың мектеп басшылығының күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Ата-аналар жиналысында  мектеп білім беру жүйесінің жетістіктері, мектеп оқушыларын оқытудың негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы және оқу жылының қорытындылары, оқу үдерісін цифрландыру,мектеп қамқоршылар кеңесінің қызметі және отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша сұрақтар қарастырылды.

Бұл іс-шараға Ертіс ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының мыңнан астам ата-анасы қатысты.