e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда179813
Бір айда5063
Бір аптада1761
Кеше108
Тәулік6
Температура режимі
Біздің баскетболшылардың жетістіктері
12 Ақп, 15:48

Ағымдағы жылдың 8 ақпанынан 11 ақпанына дейін Степногор қаласында Л.И.Михееваның естелігіне арналған қалалар аралығында баскетболдан турнир өтті. Турнирде Ақмола облысының және ҚР басқа қалаларынан келген  командалар қатысты (барлығы 12 команда).

Павлодар облысынан Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларынын командалары шақырылды. Ойын маусымын жақсы бастаған, облыстық деңгейде бірқатар жеңістерге жеткен біздің командамыз өтінім беріп, аталмыш турнирге қатысуға шақыру алды.

Ертіс ауданының намысын қорғаған біздің оқушыларымыз Акимов Руслан, Ермеков Қайыр, Ковалик Виктор, Дорохов Николай, Морозов Кирилл, Майоров Дмитрий, Мамакаев Хасан, Шкиндер Даниил, Шлейгель Павел, Набойченко Данил Цечоев Антон  («Жалын» БЖДШТО қосымша білім беру жаттықтырушысы М.К.Абдалинов).

          Турнирдің соңында біздің баскетболшыларымыз турнирдің  иелері –Ақмола облысының Степногор қаласының командасымен кездесті, табанды күресте қайсарлық көрсетіп 49:43 есебімен жеңіске жетіп, бірінші орынды иемденіп, турнирдің кубогін жеңіп алды.

      Осы жеңіспен біздің баскетболшыларды және олардың жаттықтырушысын құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта зор жеңістерге жетуді тілейміз.