e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда176911
Бір айда21408
Бір аптада4704
Кеше684
Тәулік348
Температура режимі
Балалар жасөспірімдер ұйымының желілік қарым-қатынасы
09 Ақп, 16:19
     Ертіс ауданының білім беру бөлімі оқушылар үйімен бірлесіп,  2018 жылғы 9 ақпан күні «Оқушылардың өзін-өзі басқарудағы құқықтық негіздері» тақырыбында аудан мектептерінің тәлімгерлері үшін семинар өткізді.
     Семинарға ауданның білім беру ұйымдарының -  тәлімгерлері қатысып,  «Балалар ұйымында оқушылардың өзін-өзі басқарудағы құқықтық негіздері»,  «Тәрбиелік қызметі саласында ауданның балалар жасөспірімдер  ұйымының желілік қарым-қатынасы» сұрақтарын қарастырып талқылады.   
   Мектеп тәлімгерлері жасөспірімдер ұйымының жетістіктерімен бөлісті. Шығармашылық топта жұмыс істей отырып,  тәлімгерлер «Балалар жасөспірімдер ұйымының бағдарламасын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсыныстар» ережесін  жасап шығарды. 
  Семинар қатысушыларына «Тәлімгерлердің 10 жылдан кейінгі конференциясы» имитациялық ойыны ұсынылды, олар балалар жасөспірімдер ұйымының  одан әрі қарай дамыту туралы өз ойларымен бөлісті.