e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда176005
Бір айда14432
Бір аптада2623
Кеше532
Тәулік15
Температура режимі

Психологтың қызметі

Психологиялық қызметтің мақсаты: Білім беру ортасының жайлы жағдайларын жасау, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының өздігінен дамуға, өз-өзін жүзеге асыруы  үшін жайлы, қалыпты жағдайлар ұсыну.
 
Психологиялық  қызметтің негізгі міндеттері:
  1. Жеке  тұлғаға бағытталған оқыту тұрғысынан әр оқушыға жеке көңіл бөлу.
  2. Оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттерін және әрбір  жас кезеңінде толық тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал жасау.
  3. Әрбір жас кезеңінде оларды психологопедагогикалық тұрғыдан зерттеу, кәсіби болашағын айқындау.
  4. Бастауыш, орта және жоғары буында өзара сабақтастықты жүзеге асыру.
  5. Түзету-дамыту жүйесі арқылы оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту және әлеуметтік бейімделуін қолдау.
  6. Педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету.
 
Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:
·         Оқу үдерісінің психодиагностикасы және мониторингі
·         Психологиялық ағарту
·         Кеңес беру жұмысы
·         Дамыту және түзету жұмысы. Оқу үдерісінің бірнеше субьектісімен жүргізіледі:
·         Оқушылар
·         Оқушылардың ата-анасы
·         Мектеп мұғалімдері

Психолог парағы