e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда176005
Бір айда14432
Бір аптада2623
Кеше532
Тәулік15
Температура режимі

Ата-аналарға арналған 10 кеңес

1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті  жоқ.Оған өзі ойлағандай болуға көмектесіңіз.
 
2. Балаға жасаған еңбектеріңіз үшін ақы сұрамаңыз. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлады, ол тағы біреуге өмір сыйлайды.
 
3. Өзіңнің өкпе ренішіңе баланы араластыра бермеңіз. Қартайғанда сол қылықтың ащы дәмін татуыңыз мүмкін.
 
4. Баланың мәселесіне бей –жай қарауға болмайды . Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін,өйткені оның тәжірибесі жоқ.
 
5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз.
 
6. Адам өміріндегі ең қызықты  кездесу баламен кездесу,оған үлкен дайындық керек,себебі сіз ертеңгі күніңізбен кездескеніңізді ұмытпаңыз.
 
7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанды істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз,онда  ештеңе істемеген болып шығасыз.
 
8.Бала өмірдің қымбат қазынасы,сіз оны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. 
 
9.Басқаның баласын да жақсы көріп үйреніңіз.Өз балаңызға жасамаған жақсылықты өзгенің баласына жасамаңыз.
 
10. Балаңыз дарынсыз , жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Қарым-қатынас жасағанда қуануға тиіссіз, олардың сіздермен өткізген әр күні мереке. 
Ата-аналарға