e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38

Ата-аналарға

 

2016 жылы жаңа бірынғай мектеп формасын енгізу туралы

Мектеп формасы әрқашан негізгі мектеп құралы болып табылады. Киімнің бірегейлігі мектепке деген тәуелділік және оған деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Мектеп формасы оқушы тәртібіне әсер етеді, оған негізгі сабақ – мектеп бағдарламасын оқуда кедергі жасамайды. Балалар бала кезінен костюм – бұл киімнен артық зат екеніне үйреніп кеткен. Бұл – оқушының келбеті.

Мектеп формасының басты артықшылығы – ол тұлғаның үйлесімділігін, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, СӨС дағдыларын қалыптастыру мен сақтауға көмектеседі.

Мектеп формасын киетін оқушылардың саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2012-2013 оқу жылында 4,5 мың мектептің 1,6 млн. оқушысы (республика оқушыларының 72 пайызы), ал 2013-2014 оқу жылында 5,4  мың мектептің 1,8 млн. оқушысы  бірыңғай форма киді.   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелген "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы " бұйрықпен  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013085

сілтемесі бойынша "Әділет" сайтынан таныса аласыз


Келесі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы барлық мектептерінде бірынғай форма енгізіледі. Таңдау ата-аналардың еркінде болады. Бірыңғай түс пен үлгі ел болып анықталады. Ол үшін әр аймақтағы белсенді ата-аналар мен ұстаздар жұмылдырылады.

Біздің аймақта, яғни Павлодар облысы Ертіс ауданында ондай жұмыстар жүргізіліп, оңтайлы шешімдер қабылданған. Жергілікті және шетелдік тігін ұйымдары Павлодар қаласында мектептердің әкімшілік және ата-аналар қоғамының өкілдеріне өз бұйымдарының тұсаукесерін ұсынған болатын. Ата-аналар мен мектеп әкімшілік өкілдері бірынғай шешімге келіп жергілікті "ӘЛЕМ-АЙ" тігін фабрикасының бұйымдарын таңдады.  Бізідің Амангелді ЖОББ мектебінде осы мәселе бойынша жоспардан тыс ата-аналар жиналысы өткізілді, барлық ата-аналар форма үлгілерімен және олардың бағаларымен таныстырылды.


 

Ата-аналарға