e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Бір жылда175558
Бір айда12808
Бір аптада5538
Кеше358
Тәулік399
Температура режимі

Дарынды балалармен жұмыс

    Көп тілідік олимпиада! 
 
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО және С.Торайгыров атындағы ПМУ бірлесе отырып, көптілді тұлғаны дамыту бойынша Президент бағдарламасын қолдау мақсатында 2017 жылдың 30 қазан айында  көптілдік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қатысуға ауданның 9-11 сынып  № 2,4 мектеп оқушылары шақырылды: Шайдуллина Милана, Аралбаева Аружан, Садырова Арайлым, Умралиева Алтынай, Садвакасова Жасмин.
         Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ жүлделі орынға  № 4 Ертіс орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алтынай Умралиева ие болды! Алтынаймен бірге қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерін құттықтаймыз!
 
 
 
 V облыстық Мағжан оқулары Мағжан оқуларының облыстық кезеңіне  2017 жылдың 20 қазан күні ауданның оқушылары қатысты.
 
    «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсына  Ағашорын орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шапихова Анель қатысты.
           «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»- жас дарындар конкурсына Қоскөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Канапьянова Сабина қатысты.
«Толқынмен толқын  сырласып...» - шығармашылық номинациясына            «Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңіндегі тіл мәселесі» атты ғылыми жобасымен Қоскөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Каламова Аружан қатысып, 3 орынға ие болды.

Аружанның жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Айсұлу Оразқызы Беспаеваны құттықтаймыз!

Облыстық Махамбет оқулары

Ағымдың жылдың 13 жұлдызында Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебінің негізінде облыстық  Махамбет оқулары өткізілді.      Біздің ауданымыздың  үш оқушысы байқаудың үш номинациясы бойынша қатысты.  «Ел құтқарар Ер едім ...» атты номинациясы бойнша ( Махамбеттің шығармаларын мәнерлеп жатқа айту конкурсы) Бірлік негізгі мектебінің оқушысы Шайхенова Ақмарал жүлделі ушінші орынға ие болды. Ақмаралдың  жатқа оқыған өлеңдер саны 102 болды. Жарайсың Ақмарал! Құттықтаймыз! Және Ақмаралмен бірге  оның ұстазы, Омарханова Алмагүл Нажмиденқызын құттықтаймыз!

Оқушылардың аудандық пән олимпиадасы

2015 жылдың 10-11 желтоқсан аралығында Ертіс №3 жалпы орта білім беру мектебінің төңірегінде аудандық пән олимпиадасы өтті. Бірінші күні ауданымыздың орта және негізгі мектептерінің 199 оқушы қатысып,ІІ кезеңге 80 оқушы өтті.62 оқушы жүлделі орындарға ие болды. ІІІ орынға-38 оқушы,ІІ орынға -17 оқушы,І орынға-7 оқушы иеленді.Жүлдегер атанған оқушыларға білім бөлімінің арнайы мақтау қағаздары мен сыйақы табыс етіледі.Үздік деп танылған 4 оқушының жұмысы облыстық  кезеңге ұсынылды.

Облыстық «Мұқағали Мақатаев оқулары»

2015  жылдың 30-шы қазанында«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мамандандырылған «Жас дарын» мектебінде өткізілген Х республикалық  «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңіне   19 оқушы қатысты.

        «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар  ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және “Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді  шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.
        Оқулардың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ертіс ауданы Қызылжар  орта мектебінің  11 сынып оқушысы Далайхан Аманхан иеленді.  
         «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен жүлделі орын алған баланы дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуаныш Айтмұхан Мұратұлы марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Сайт беттері