e-mail: irt.plan.roo2@mail.ru

тел. 871832 2-11-40

140500, Ертіс ауданы

Ертіс а. И.Байзаков қөшесі, 14

Жол жүру картасы
Сенім телефоны
8 71832 2 25 38
Тәуелсіздігім - жасасын!
25 қараша - "Жаһандық бастамалар" күні
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың сенімді мүшесі ретіндегі халықаралық беделі айтарлықтай артты. 25 қараша күні "Жаһандық бастамалар" күніне орай Амангелді мектебінде Шарманова Г.К. ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
24 қараша "Мемлекеттік тіл" күні
24 қараша күні "Мемлекеттік тіл" күні деп аталады. Күннің іс-шаралары Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын кеңінен насихаттауға және Мемлекет басшысының "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет" Ұлт жоспарында ұсынылған үш тілде білім беру саясатын ілгерілетуге арналады.
23 қараша -Шекара күні
23 қараша «Мемлекеттік шекара» күні іс-шаралар "ПогЗ Амангельды" шекара бекетінің және "Амангельды" ОПК қызметкерлерінің ұйымдастырумен жүзеге асты.
21 қараша  «Қазақстан Республикасының Конституциясының» күні
21 қараша күні «Қазақстан Республикасының Конституциясының» құрметіне Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн бағдарламасы аясында іс – шара Мемлекеттік Әнұранның орындалу рәсімімен басталды.
"Алаштың ақтангері-Әлихан"
ЮНЕСКО-ның Парижде 2015 жылы 2-18 қараша күндері өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн «Ұлы Дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын кеңінен мерекелеу мақсатында, 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында «Ұлы Дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 тақырыптық күн өткізу жоспарланған. 25 күннің әрқайсысы өткен ширек ғасыр ішіндегі елдің ең ірі табыстарына арналмақ: барлық жақсылықтардың бастауы болған Қазақстан халқының бірлігі; ҚР Конституциясы; шекараның бекітілуі; ұлттық валюта; спорттағы жетістіктер, т.б.